Екі жылыойлық коронавирусқа шалдыққан

2 Жылыойдан ковид шықты

Коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам жазылып шықты.

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі Атырау қаласынан. Ал екі науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Екі науқас Жылыой ауданынан, сондай-ақ, Индер мен Мақат ауданынан бір науқастан қауіпті індетті жұқтырған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды түрде, алтауында симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам жазылып шықты.

Қазіргі уақытта 102 науқас үй жағдайында емделуде.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 47 адам емделіп жатыр. Оның 27с-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 20 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521