Теңіз кенішіндегі 9 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Теңіз кенішіндегі ковид

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  ТАҒЫ 10  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал тоғыз науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары.  

Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты.

Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда  54 адам емделіп жатыр. Оның 28-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз