Өңірге шетелден 523 адам келді

қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті ⠀

«Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан COVID-19 анықталған жоқ» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 10 -19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейсі ұшып келген. Халықаралық әуе рейспен барлығы 523 адам келді. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды. ⠀

Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521