ҰСО: COVID-19 ПТР тестілеудің құны төмендеді

Бұған дейін зерттеу құны 11 500 теңгені құраған болатын.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жеке тұлғалар үшін COVID-19 ПТР тестінің құны 8 025 теңгеге дейін төмендететінін хабарлайды.

Бұл қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы ең төмен баға ұсыныстарының бірі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін зерттеу құны 11 500 теңгені құраған болатын.

Тестілеу Ұлттық сараптама орталығының 10 облыстық филиалында жүзеге асырылады. Тестілеуден өту үшін ҰСО сайтында тіркелуден өту қажет – https://nce.kz/services/covid-2019/.

ПТР-тест тапсыру үшін филиалдың жұмыс кестесі және байланыс нөмірлері:

Атырау қ.: 08.30-дан 12.00-ге дейін

Тел.: 8(7122) 32-99-58

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы»

Баспасөз-қызметі

+7 701-197-49-23

(7172) 55-49-08 (152)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT