Мамандандырылған ХҚКО қызметі – үйіңізде!

Мамандандырылған ХҚКО қызметі – үйіңізде!

Дәл осы қызмет таяуда Құлсары қаласында алғаш рет жүзеге асырылды.

Осыған дейін хабарланғанындай, eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті үйге жеткізіп беруге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Ол үшін қажетті деректер мен тұрғылықты мекенжайды көрсетіп, қызметке ақы төлесе жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының" қызметкері көлік иесіне мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйіне әкеліп береді.

Дәл осы қызмет таяуда Құлсары қаласында алғаш рет жүзеге асырылды. Жылыой аудандық мамандырылған бөлімінің қызметкері өткен жұма күні Жұмабек Қорғанбаевқа дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін көрсетті. Құжаттарын үйіне аяқтай алып келіп, өз қолымен иесіне табыс етті. Сапалы әрі тез көрсетілген қызметке Жұмабек Көрпебайұлы дән риза болып, алғысын білдірді.

-Жаңа және алынатын Мемлекеттік тіркеу нөмері белгілері мен Көлік құралдарын тіркеу куәлігін алу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы мен толық мекенжайын көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (ол үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет). Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні. Осы тәртіпті толық орындаған Жұмабек Қорғанбаев автокөлігін онлайн түрде өзі тіркеді, ал біз құжаттарды үйіне жеткіздік! - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар енді мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізу үшін төмендегі сілтеме арқылы тапсырыс бере алатын болды. https://egov.kz/.../news_registration_certificate_online

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521