Аудан әкімі құтқарушыларды қабылдады

құтқарушылар күні

Айтып келмейтін әртүрлі апатта бірінші болып көмекке ұмтылатын - құтқарушылар.

Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Кәсіби мерекеге орай 19 қазан күні аудан әкімі Халел Жамалов құтқарушы мамандарды арнайы қабылдап, олардың ерен еңбегін жоғары бағалап, алғысхатпен марапаттады.

-Тұрмыста, өндірісте, жалпы қоғам өмірінде адам өмірінің арашасына айналған төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ерлікке толы еңбегі қандай да болсын марапатқа лайықты. Айтып келмейтін әртүрлі апаттардың кезінде бірінші болып көмекке ұмтылатын да сіздер - құтқарушы мамандар. Осындай қызығынан қиындығы басым мамандықтың бел ортасында жүріп, кез келгеннің қолынан келмейтін көзсіз батыл қадамдарға барып жүрсіздер. Оған ең әуелі үлкен жүрек, машық, білім мен біліктілік және тәжірибе керек. Сіздерді бүгінгі айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, ел игілігі жолындағы атқарған еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін, – деді Халел Жамалов.

-Өзіміз қалаған мамандығымыздың қиындығына қарамастан біз өз жұмысымызды асқан қызығушылықпен атқарамыз. Қандайма бір қауіп-қатерге тап келсек берген антымызға адалдық танытып, жанымызды шүберекке түйіп, бірінші кезекте адам өмірін сақтауды басты назарға қоямыз. Мереке қарсаңында еңбегімізді бағалап, жеке қабылдап, өз марапатыңызға лайық көргеніңіз біздің бойымызға сенімділік пен жігерлік сыйлайды. Бірлесіп ауданның, еліміздің қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрміз. Ақ тілегіңіз бен алғысыңызға көп рахметімді айтамын, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жантөре Демешов.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT