«Күмбірлеген күміс күй»

Домбырашылар байқауына Өнер мектебінің жас маман ұстазы Жұмағалиев Қайрат қатысты.

Жақында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен күйшілер сайысы ұйымдастырылды. Оның бірі асқан дарынды күйші Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдық мерекесіне бағышталса, енді бірі Науша Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған.

"Күмбірлеген күміс күй" атты осы республикалық домбырашылар байқауына ауданымыздағы Өнер мектебінің жас маман ұстазы Жұмағалиев Қайрат қатысты. Өңкей бал бармақты күйшілер өнерлерін ортаға сап, сынаған сайыста жылыойлық өнерпаз да топтан озған жүйріктей ерекше көзге түсті. Жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін көрсетіп, талантымен тамсандырған Қайрат ІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлап қайтты.

Қ. Жұмағалиев көнеден келе жатқан домбыраны балаларға үйретіп, ізінен ерер шәкірттерін де көптеп дайындауда. Қазірден-ақ ол тәрбиелеген күйші балалар кең Жылыойда құрақтай қаулап өсіп келеді. Қазақтың хас өнерін дәріптеп, түркіден қалған қос ішекті аспапты ардақтап жүрген азаматқа ел сүйсінеді. Қайрат сынды жастар көп болса екен дейсің.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз