Дамыған елдерде осылай

Қазақстанда әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанда әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Солардың бір көрінісі - әлеуметтік саладағы реформалар. Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы туралы айтты.

Министрдің бұл хабары бұл санаттағы отбасылар үшін сүйінші хабар болды. Өйткені 2018 жылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасы санатына ілінгендерге жәрдемақы тоқтатылған еді. Осы кезде қоғамда түсініспестік орын алды. Мысалы, дамыған елдерде бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады екен. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге бейжай қарамауы қажет. Министрдің айтуынша, 4 баласы барлар 42 500 теңге; 5 баласы үшін 53 125 теңге; 6 баласы барлар 63 750 теңге; 7 бала тәрбиелеп отырған отбасылар 73 375 теңге алады.

Сонымен қатар егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады. Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленбек.

Жазира Жұматаева,

көпбалалы ана

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT