Атырауда "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды

М.Иғалиев брифинг өткізді

Бағдарламаға 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар қатыса алады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағдарламаға 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар қатыса алады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев аталған бағдарламаның шарттары туралы мәлімдеді.

"Аталған бағдарлама ең алдымен, аз қамтылған отбасыларды, яғни, қазіргі таңда жалдамалы пәтерлерде, басқа біреудің пәтерінде, уақытша тұрақтарда тұратын, бастапқы жарнаға ақша жинай алмайтын отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету болды. Сондықтан да, алғашқы талап – отбасылар аз қамтылған болуы тиіс. Отбасының бір мүшесіне кіріс 42 500 теңгеден аз болуы керек. Яғни, егер бізге тек жолдасы жұмыс істеп, жары балалар күтімімен айналысып, жұмыс істемейтін болса, онда олардың табысы 255 мың теңгеден аспауы қажет. Осылайша, бастапқы жарнаны жинауға шамалары жетпей жүрген адамдар бірінші кезекте өтеді", - дейді М.Иғалиев.

Айта кетейік, несие жылына 2%-дық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10%. Аталған несие аясында жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға болады. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие алу үшін өтініш берушінің жеке басында және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде өтінім берген кезде жеке баспаналары болмауы қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521