Судың да сұрауы бар

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізген бақылау нәтижелері бо­йынша елордада 32 су нысанының сапасы нашар, ал 28-і ең нашар санатқа жатқызылған. Су нысандарының ластану мәселесін Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы және «Байтақ» жасылдар партиясы талқылады.

Мамандар ең әуелі осы проблеманы шешу мақсатында Астана қаласы бойынша және қаладан тыс орналасқан барлық нысандарды аралады. Нысандардың сапасын анықтау жұмыстары жоспарланып, алдағы уақытта атқарылатын іс-әрекеттердің алгоритмі реттелді. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шыңғыс Лепсібаев пен Азамат Асриев бүгін­гінің өзекті мәселесіне айналған ауыз су мәселесін көтерді. Қазірдің өзінде қала маңын­дағы тұрғындар оның жоқтығын айтып шағым­данатынын, сондай-ақ жаңа тұрғын үй кешендерін сумен жабдықтау желілеріне қосу кезінде ара-тұра проблемалар туындайтынын айтып, бірлесіп әрекет жасауға шақырды.

Айта кетсек, бүгінде қаланың бір тұрғыны жылына 20 мың литр су қолданады екен. Мамандар алдағы жылдары Астана қаласы ауыз судың тапшылығына тап болатынын айтып, дабыл қағып отыр. Бүгінде Астана қаласында 18 проблемалық нүктелі құрылыс нысаны бар. Бұл өзекті мәселеге назар аудару мақсатында «Байтақ» партиясының Мәжіліске үміткер депутаттары санкцияланған митинг өткізді.

Тығыз орналасқан жерге құрылыс нысандарының салуына наразылығын елуден аса адам, оның ішінде қоғам қайраткерлері, мәслихат депутатына үміткерлер, қоғам белсенділері білдірді. Соңғы 3 жылда елордада 8 млн шаршы метр­ден астам баспана салынды. Ал қала бойын­ша әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі бір­ша­ма.

Статистикалық ақпаратқа сүйенсек, өткен жылдың есебі бойынша 49 мың бөбек балабақша­ға кезекте тұр, ал 26 мың оқушы мектеп орындарына мұқтаж. Өткен жылы жергілікті тұрғындар осындай құрылыс нысандарының тарихи маңызы бар ғимараттарда, жасыл аймақтарда салуға қарсылығын білдіретін петиция ұйымдастырған болатын. Қазіргі уақытта оған 4 500-ден аса адам қол қойды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT