Сайлау
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 217
174 сайлау учаскесінде сайлаушылар тұрғылықты жері бойынша іздестіріледі, ал облыс орталығындағы 5 сайлау учаскесінде сайлаушыларды тұрақты тіркеусіз тіркеу бойынша сервистік қызметтер көрсетіледі.
Азаматтарды сайлау науқаны туралы ақпараттандыру бағытында Call-орталықтар жұмыс істейді. Sailauatyraubot Telegram арнасының чаты мен интернет-сайт арқылы тұрғындар қай сайлау учаскесінде тіркелгені туралы ақпарат ала алады.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 229
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутататтарының кезектен тыс сайлауы басталды. Ауданда 24 сайлау учаскесі ашылды. Аудан бойыншы аймақтық 24 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, бақылаушы және тағы да басқа қызметкері бар комиссия мүшелері бекітілді. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасатын болады. Айта кетейік, сайлау учаскелерінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 243
Облыста саяси партиялардың 2469 сенімді тұлғасы мен кандидаттар тіркелген. Атырау облысында сайлау бюллетеньдеріне 442 кандидат енгізілді. Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімі бойынша 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бір мандатты сайлау округінде 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат.
Облыстық сайлау комиссиясы 6 жергілікті қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеді. Тізімдер комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған. Аймақтағы сайлаушылар саны 412 165 адамды құрады.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 234
Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мажоритарлық жүйенің элементтері бар сайлаудың жаңа форматы сайлау учаскесіне бір уақытта көп адамның баруын көздейтінін ескертеді.
Бас санитариялық дәрігердің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының алдын алу шаралары сайлау процесіне қатысушылардың ағынын реттеуді, үй-жайдың толымдылығын ескере отырып, кемінде 4 ш.м. есебінен олардың жиналуына жол бермеуді желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін не дауыс беру басталар алдында және күн ішінде қажетіне қарай үй-жайды тұрақты желдету, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалауды, дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күн ішінде үй-жайларды және барлық жұмыс беттерін дезинфекциялауды білдіреді.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 233
Ел бойынша барлығы 29 бір мандатты округ анықталды. Атырау облысында №13 учаске белгіленген. Парламент Мәжілісіне бір мандатты аумақтық округтер бойынша Атыраудан бір ғана депутат сайланады.
Осылайша, бір мандатты округтердің құрамына кіретін сайлау учаскелерінде екі бюллетень ұсынылады: біреуі бір мандатты кандидаттардың аты-жөнімен, екіншісі – саяси партиялардың тізімімен. Сайлаушылар партиялық тізімдер бойынша мәжіліске кандидаттарға дауыс беріп қана қоймай, бір мандаттылардың арасынан өздеріне ұнайтындарды да таңдайтын болады. Олардың қатарына өзін-өзі ұсынушылар да кіреді. Қазақстанда бір мандатты аумақтық округтер бойынша мәжіліске барлығы 359 кандидат тіркелген.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 225
Алдағы сайлауда облыста 9 мәслихаттың 140 депутаты сайлануы тиіс. Атырау облыстық мәслихатының 30 депутатының 50%-ы, яғни, 15-і мажоритарлық жүйе бойынша, қалған 15-і партиялық тізім бойынша сайланады. Ал, қалалық мәслихаттың 25 депутаты, аудандық мәслихаттардың 85 депутаты толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 221
Мәжіліс сайлауында 12 млн-нан астам азамат таңдау жасайды.
Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жинақтады. Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 12 032 550 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелді.
Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді. Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 227
Бүгін, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.
ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.