Сапалы медицина – саулық кепілі

Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова Алматы қаласындағы «Caspian Beverage Holding» ЖШС ұжымымен кездесті. Үміткерлер еңбек ұжымын Халық партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Біздің партия бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын назарда ұстайды. Өзекті мәселелерді Үкіметке жеткізіп қана қоймай, оның шешілуіне ықпал етеді. Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет, – деді Эльмира Әуезова.

Сөз арасында ол денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды. Қай тұрғынды тоқтатып сұрасаңыз да, медицинаға қатысты проблемаларды тізбектей жөнелетіні сөзсіз. Адамның денсаулығы мемлекет үшін маңызды.

– Медицина саласында білікті маман тапшы. Халық «Damumed»-ке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылуда кедергі көп екенін айтады. МӘМС жобасы да үмітті толық ақтамады, – деді ол.

Партия өкілі Нұрсұлтан Шоқанов білім саласындағы кемшіліктерге назар аударды. Ол жастарды қолдауды жандандыра түсу керек екенін айтты.

– Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайды. Жеке колледждер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне ең төменгі жалақы мөлшерінде ай сайын шәкіртақы бекіту қажет, – деді кандидат.

Кездесуде жұмыссыздық, көпбалалы аналар, қандастар мәселелері әңгімеге арқау болды. Сайлаушылар спикерлерге сұрақ қойып, нақты жауап алды.

– Мемлекет 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға тегін баспана беруі қажет. Сондай-ақ ипотеканы үш балаға дейінгі от­ба­сы­ларға қолжетімді етуі керек. Міндетті шарт­тардан бастапқы жарнаны алып тастауды және төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерді (жылдық екіден 5%-ға дейін) белгілеуді ұсынамыз. Екінші баладан бастап 25%, ал 4-бала туылған кезден мемлекет есебінен ипотека енгізуді ұсынамыз, – деді партия өкілдері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521