Өрге жетелейтін өзгерістер

«Respublica» партиясы атынан сайлауға түсетін кандидаттар небәрі 4 күннің ішінде 10 мың қазақстандықпен кездесті. Бүгінде еліміз бойынша 20 облыстық штаб жұмысын жалғастырып жатыр. Жақында «Respublica» партиясының төраға­лары мен кандидаттары Тараз қаласына барды. Мұнда жер­гілікті кәсіпкерлер, түрлі саладағы компа­ния­лардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті.

Көп­шіліктің алдында партия төрағасы Айдарбек Қожа­назаров, тең төраға Сырымбек Тау, Мәжіліс депу­тат­тығына кандидаттар – Қуаныш Шонбай, Қыр­мызы Жандосова, Екатерина Смолякова, Әсел Дә­кен, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит сөз сөй­леді. Олар партия бағдарламасымен танысты­рып, «Елде нені өзгерту қажет?» деген сауалды талқылады.

«Рас, біздің саясатта тәжірибеміз жоқ. Бірақ уәде беріп, кейін оны орындамай қалудан тәжірибеміз жоқ. Сіздерге беретін жалғыз уәдеміз мынау: Сіз «Respublica» партиясынан тек шындықты естисіз, кейде бұл шындық ащы болуы мүмкін», деді А.Қожаназаров.

Екатерина Смолякова адамдарға өзгерістерге үміт сыйлайтын жаңа партия құрғаны үшін әріп­тес­теріне алғыс айтты.

«Мен – қазақ тілі мен әде­бие­ті пәнінің мұғалімімін. Жастармен жұмыс істеу­де 10 жылдан астам тәжірибем бар. Екі бала­ның анасымын. Балаларымның болашағын өзіме үл­гі бо­лат­ын адамдарға сенімді түрде тапсыр­ғым келеді, сол үшін де осы партияның қатарына қосы­­лып, өзгерістерге атсалыспақпын», деді Е.Смолякова.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Қазақ­станда ауқымды реформалар жүргізілу керектігін айтты. Ең алдымен, қарызға белшесінен батқан ел азаматтарының жағдайын жақсартуға баса назар аудару керек. Ол ел тұрғындарының, тіпті азық-түлік алу үшін де несие алатынына қынжылды.

Ал Алматы облысының Кербұлақ ауданында өткен кездесуде партияның тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова:

«Қазіргі сайлау кезеңі еліміз үшін ерекше, өйткені көп жылдардан бері алғаш рет жаңа партиялар тіркеліп, саяси науқанға белсенді түрде қатысып жатыр. Біз – «Respublica» партиясы, бизнес өкілдері, саяси аренаға жаңадан қадам басқанымызға қарамастан елді қалай өзгерту керектігін білеміз. Біз шын жүректен азат және гүлденген Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521