Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспа-релизі

19 ақпан 2023 жыл Атырау қ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023жылдың 18 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Атырау облысы бойынша барлығы 496 кандидат ұсынылды, оның ішінде 462 кандидат (93,14%) тіркелді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша 20 кандидат ұсынылды: 4 кандидат (немесе 20%) 4 саяси партияның (Аманат, Ақжол, Ауыл, ЖСДП) ұсынуымен, 16 (немесе 80%) - өзін-өзі ұсынушылар. 1 кандидат заң талаптарына сәйкес келмеді (өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар). 6 кандидатқа тіркеу үшін көзделген барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

Тіркеу қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына 13 кандидат тіркелді немесе 65% (бір мандатқа 13 адамнан келеді). Оның ішінде 10 кандидат (77%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 3 кандидат (23%) саяси партиялармен ("AMANAT", "Ауыл", ЖСДП).

Тіркелген кандидаттардың 7-і (53,84%) ерлер, 6-ы (46,16%) әйелдер. Облыс бойынша 9 мәслихатта 140 депутат сайлануы керек, оның ішінде 30-ы облыстық мәслихатқа, 25-і қалалық мәслихатқа, 85-і аудандық мәслихаттарға.

Облыстық мәслихатқа 30 депутаттың 15-і (50%) партиялық тізімдер бойынша сайланады. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 6 партиялық тізім тіркелді, оның ішінде 66 кандидат бар ("Ақ жол" ҚДП – 10 кандидат, "AMANAT" партиясы - 30 кандидат, "Ауыл" ХДПП - 7 кандидат, «Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 5 кандидат, Қазақстан Халық партиясы – 9 кандидат, "Respubliсa"партиясы - 5 кандидат). Партиялық тізімдерді тіркеуге дейін "AMANAT" және "Байтақ" партияларының ұсынулары бойынша партиялық тізімдерден бір-бір кандидаттан алынып тасталды.

Тіркелген тізімдерде әйелдер мен жастар өкілдерінің қажетті квотасын әрбір саяси партия сақтады, бұл санаттар 41% құрады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі 125 бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 408 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 383 кандидат (93,87%) тіркелді.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 15 бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 50 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 46 (92%) кандидат тіркелді. Атырау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 84 кандидат ұсынылды, оның ішінде 73 кандидат (87%) тіркелді, аудандық мәслихаттар бойынша 274 кандидат ұсынылды, оның ішінде 264 кандидат (96,35%) тіркелді. 201 кандидат (52,5%) өзін - өзі ұсыну тәртібімен, 180 кандидат (47%) саяси партиялармен ("AMANAT" - 124, "Ауыл" - 19, ҚКП - 19, "Ақжол" - 16, ЖСДП - 2), 2 кандидат (0,5%) қоғамдық бірлестіктермен ұсынылды.

Орташа алғанда, бір мандатқа 3 адамнан келеді. Ұсынылған 408 кандидаттың 13-і жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін тіркеуден алынып тасталды, 12 кандидатқа барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды. Тіркелген кандидаттардың 300-і (78,3%) ерлер, 83-і (21,7%) әйелдер.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 956638, 956653, 354461

интернет-сайт: atyrau.gov .kz Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521