Фермерлерді қолдау қадамы

Қостанай қаласында «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, София Әбдіразақова, Светлана Прокопьева, Рабиға Тоқсейітова, Берікжан Қайыпбай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға отбасылық аграрлық әулеттердің негізін қалаушылар, фермерлердің ата-аналары мен туыстары, студент жастар, «Ауыл» партия­сы мүшелері, агро сала, білім және мәдениет өкілдері қатысты. Іс-шара «Барлығы тыңдалуға тиіс!» ұранымен өтті. Жиынның мақсаты да сонымен үндес.

– Мемлекет тарапынан фермерлерге бөлініп жатқан көмектің оларға үлкен машақатпен жырымдалып жететіні, тіпті жетпейтіні бүгінде баршаға аян. Жаны күйген жас фермер ішкі қыжылын жанындағы жақынына ғана айтады. Әрі қарай шықпай іште шемен болып қатады. Бұл өте шетін және қауіпті мәселе. Мүмкін бала­сының айта алмай жүргенін ата-анасы айтар. Сондықтан да фермерлердің ата-аналарын жинап, мұң-мұқтажға құлақ түріп, жиын өткізіп жатырмыз. «Ауыл» партиясы ауыл проблемасын өте жақсы біледі және оларды шешу бо­йынша нақты өзіндік көзқарасы бар. Біздің саяси платформамызда жалпы ауылдық аумақтарды және әрбір ауылдық елді мекенді дамытуға, атап айтқанда, олардың өткір тұрған экономикасы, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымы мәселелеріне маңызды рөл берілген. Партия Мәжіліске барғанда осы ұстанымдарды одан әрі қорғап, қолда бар барлық ықпал ету тетіктері мен ресурстарды пайдалана отырып, бағдарламалық құжаттарын іске асырады. Біз үшін ауыл әрқашан басымдық пен құрметке ие, – деді кандидат Қайрат Айтуғанов.

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдар­ламасымен жан-жақты танысқан, оның балалары айта алмай жүрген мәселелерді шешуге бағытталғанына көз жеткізген ата-ана өз тараптарынан ұсыныстарын жолдады. Кездесу Қостанай ауданы, Заречное ауылында орналасқан «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауытының аумағында жалғасты. Кандидаттар АӨК өкілдерімен «Қостанай жылқы тұқымын дамыту мәселелерін анықтау және шешу» тақырыбында талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521