Экологиялық тәрбиенің маңызы

Алматы қаласында «Байтақ» партиясының өкілдері, Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер студенттермен бірлесіп, экологиялық тәрбиенің маңызы жа­йында дөңгелек үстел өткізді. Партия өкілдері азаматтар арасында өткізілген сауалнама нәтижесінде халықтың тек 47 пайы­зы қоршаған ортаның мәселелерін түсініп, экологиялық өмір сүру салтына көшу арқылы ғана шешуге болатынын түсінетінін анықтаған. «Байтақ» партиясының қолдауымен ұйым­дастырылған ауқымды іс-шараға Алматы жастарының жүзге жуық өкілі қатысты. Дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Арман Қашқынбеков пен Айнұр Сәбитова сөз сөйледі. Сонымен қатар кездесуде елордалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар мен Алматы қаласы штабының мүшелері, студенттер, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары орамды ойларын ортаға салды. Кездесу барысында халыққа экология­лық білім беру жайында ұсыныстар әзірленіп, байтақтықтар алдағы уақытта осы тақырыпта жаңа жоба ұсынбақ. «Байтақ» партиясының төрағасы Азамат­хан Әміртаев елордалық спортшылармен, жаттықтырушылармен кездесті. Кездесуде жастарды патриоттық және дене тәрбиесінің міндеттерімен қатар, олардың экологиялық сауатын дамыту, қоршаған ортаға және табиғатқа ұқыпты қарау туралы сөз болды. Партия мүшелері сайлауалды тұғырнамасы туралы, партияның болашақтағы мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. Сондай-ақ партия басшылығы Астанада өткен Кекушин Будокай каратэден жыл сайынғы дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатына арнайы келді. Турнирдің ашылуына «Kazakhstan Fullkontakt Karate Organization» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Экринбек Ахмадалиев, ұйымның вице-президенттері Константин Яковенко мен Саят Әбілдин, Астана қаласы бойынша Кекушин Будокай каратэ федерациясының басшысы Нұрсұл­тан Әлиақбаров, алдағы сайлауға алғаш рет қатысатын шығыс жекпе-жегінің жас шеберлері қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT