Балаларға арналған бастамалар

Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне кандидаттар Асхат Асылбеков, Эльмира Әуезова, Нұрсұлтан Шоқанов Алматы қаласындағы №40 және №145 орта мектептерде ата-аналармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Спикерлер сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Біздің партия «Артспорт» қозғалысын қолдады. Нәтижесінде, жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірме­лерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз, – деді Асхат Асылбеков.

Кездесуде партия өкілдері халықты тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету қажеттігіне де назар аударды. «Еліміздегі кедейшілікті жою қажет. Мемлекет халықты тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік салалардағы проблемаларды реттеуі керек», деді Эльмира Әуезова.

Спикерлер халықтың қарызға батқанын, онлайн несиенің салдарынан елімізде алаяқтардың қаптап кеткенін, жастардың құмар ойынның құрбанына айналып бара жатқанын да алға тартты. «Қазір онлайн несиенің жарнамасы қаптап кетті. Халық мәжбүрліктен несие алып, қарызға батып отыр. Алаяқ компаниялар елді қанап жатыр. Осыларды мемлекет ауыздықтауы керек», деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері мемлекеттік мекемелерде (арнаулы орта және жоғары) білім беру мен денсаулық сақтау мамандарын тегін оқыту, әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге бекіту, ал 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығару ұсынысын қолдайтынын, бұл бағытта жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты.

Кандидаттар сайлауалды бағдарламада банктерге азаматтардың артық төлемдерін қайтарып беру туралы талап қойғандарын мәлімдеді. Ал Астана қаласында Қазақстан Халық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында автошеру өткізді. Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз