АУЫЛДЫ ТҮЛЕТУГЕ НЫҚ ҚАДАМ

Үгіт-насихат кезеңі іске қосылысымен «Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов тікелей эфирде саяси құрылымның «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялады. Іс-шараға партиялық тізімге енген кандидаттар және партияның атынан Мәжіліске ұсынылған бірмандатты үміткерлер, штаб мүшелері, пар­тия­ның «Жастар рухы» жастар қанатының белсен­ділері, партия жақтастары қатысты.

– Біздің бағдарлама – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Халықты толғандырған мәселелерді мұқият талдап, жүйелендіре келе 10 негізгі бағыттан тұратын құжатты әзірледік. Одан әрбір отандасымыз өзі үшін өзекті мәселелердің жауабын таба алады, – деді партия төрағасы.

Ол әр облыстың, қаланың демографиялық, әлеу­меттік және экономикалық ерекшелігін ескере отырып, 20 аймақтық сайлауалды бағдарлама әзір­ленгенін атап өтті. Сонымен қатар бірмандатты округ­тер бо­йынша сайлауға қатысатын партияның әрбір кан­дидаты өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Айта кетейік, штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы кірді. Өңірлік және аумақтық 226 сайлауалды штабқа 7,5 мыңға жуық адам жұмыл­ды­рылады. Сайлаушылармен кездесу кестесі да­йын­далды. Бұл жұмысқа кандидаттардың 27 мың­нан астам сенімді өкілі атсалысады.

Бүгінде партияның өңірлердегі өкілдері ауыл-ауыл­ды аралап, партияны сайлауалды бағдарлама­сы­ның басым бағыттарымен таныстыруды бастап кетті. «Amanat» партиясы ауылды түлетуге арналған бір­қа­тар ірі жобаны іске асырып жатқанын атап өткен жөн.

– 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенінде 100 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Оның жалпы құны – 500 миллиард теңге. Бес жылда ауыл инфрақұрылымын жаңарту үшін 1 трлн теңге жұмсалатын болады. Партия бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстайды. Біз аграрлық саладағы субсидия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз. Қазір әлем халқы азық-түлік дағдарысын бастан кешіп отыр. Қазақстанның 100 миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ең әуелі халқымыз 100 пайыз отандық өніммен қамтамасыз етілуі керек, – деді Е.Қошанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT