АЛДАҒЫ САЙЛАУДА 5 ТҮРЛІ БЮЛЛЕТЕНЬ ҰСЫНЫЛАДЫ

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Онда дауыс берушілерге 5 түрлі бюллетень ұсынылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді.

Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді.

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі - күлгін.

Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені - қызылсары түсті.

Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді.

«Атыраудағы 269 сайлау учаскесінде 19 наурыз күні 2429 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір олар толықтай оқыту семинарларынан өткен. Сайлаудың ерекшелігіне байланысты комиссия мүшелерінің де жүктемесі едәуір артып отыр. Бұған дейін 1 бюллетень болса, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлаушыға 5 бюллетень беріледі. Қазір мұнайлы өңірде 445 кандидат тіркелген. Оның 12-сі Мәжіліс депутаттығынан үмітті. Өңірдегі өндірістік орындарда вахталық режиммен жұмыс істейтін жұмысшылар да саяси науқаннан қалыс қалмайды» дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Айта кетейік, облыстағы 269 сайлау учаскесінің 11-і – денсаулық сақтау нысандары мен әскери бөлім, сондай-ақ уақытша қамау изоляторында орналасқан жабық учаскелер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521