Еуразиялық банк Жылыой аудандық орталық ауруханасына сыйлық жасады

  Еуразиялық банк үшін мерейтойлық 30 жылклиенттерге көрсетілетін қызметтерді жақсартумен ғана емес, белсенді әлеуметтік қызметпен, қоғам үшін пайдалы жобаларды іске асырумен де өтуде. Мәселен, банк Атырау облысының Жылыой орталық аудандық аурухана бөлімшелеріне кондиционерлер орнату арқылы жайластыруға көмектесті.

    "Атырау облысында жаздың ыстық әрі ұзақ болатынын ескерсек, медициналық мекемелерде кондиционерсіз қапырық және жайсыз. Жаңа кондиционерлер пациенттерге де, медициналық қызметкерлерге де қолайлы жағдай жасайды деп үміттенеміз. Өйткені, дәрігерлердің жұмысы әрқашан орасан зор күш-қуат пен энергияны қажет етеді. Біздің көмегіміз олардың баға жетпес еңбегі мен қоғам денсаулығына қосқан үлесі үшін қарапайым алғыс білдіру ғана", - деп атап өтті Еуразиялық банк Атырау филиалыныңдиректоры Алия Утепкалиева.

Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов көрсетілген қайырымдылық үшін Банкке алғысын білдірді — "Біз еуразиялықтардың біздің тілектерімізге жауап бергеніне қуаныштымыз.  Осы жазда біз әсіресе кондиционерлерге мұқтаж болдық, өйткені аптап ыстық қызметкерлердің жұмыстарын және осындағы пациенттердің жағдайын едәуір қиындатты.  Банктің қайырымдылығы біз үшін өте маңызды және дер кезіндегі көмек болып табылды".    
Қазақстанның ең көне медициналық мекемелерінің бірі болып табылатын Жылыой аудандық орталық ауруханасының іргетасы 1928 жылы қаланған.  Осы уақыт ішінде ол акушер, гинекология, терапия, хирургия және педиатрия сияқты бағыттар бойынша аймақ тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.             

Еуразиялық банк — активтер мөлшері бойынша ең ірі елдердің ондығына кіретін, нарықта жетекші орынға ие Қазақстанның коммерциялық банкі.  Биыл өзінің 30 жылдығын атап өтуде.    
Банк өзінің мерейтойлық жылын қазақстандықтарға сапалы және сенімді қызмет көрсетуге, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша түрлі науқандар мен іс-шараларды қолдауға ерекше назар аудара отырып, "Сіздің сеніміңіз қымбат" ұранымен өткізеді.

 

Лицензия №1.2.68/242/40, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 3 ақпан 2020 ж. берілген

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT