Жылыойда іздеудегі қылмыскер ұсталды

Өңірде «Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

08-10 маусым аралығында Атырау облысы аумағында автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында облыстық «Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілуде.

Ұрланған автокөліктерді шекара арқылы заңсыз өткізетін қылмыстық топтарды анықтау мақсатында Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Өзбекстан Республикасының шекаралас ІІО-мен өзара іс-қимыл жасалды. Автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетулерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттернің кешені жүргізілді.

- Жедел шараның 2-ші күнінің қорытындысымен барлығы 5 айдап әкету фактісі ашылып (оның ішінде 3 - бұрын жасалған және 2 - өткен жылдар санатындағы), 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар Жылыой ауданында 1 іздестірілудегі қылмыскер ұсталды - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

«Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс жалғасуда және Департамент басшылығының қатаң бақылауында.

Полиция департаментінің ішкі және

сыртқы коммуникациялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521