Жедел операция барысында бекіре балығы тиелген көлік ұсталды
Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары - Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Атырау облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметі