Жылыойда 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды

ken-zhyloi.kz

12 наурыз күні Жылыой ауданы ПБ-нің жедел іс-шаралар жүргізу барысында пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туылған Құлсары қаласының тұрғындарын ұстады.

Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында орын алған 15 пәтер ұрлығына қатыстылығы анықталды. Сондай-ақ, күдіктілерден алтын бұйымдар мен тұрмыстық техникалар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Полиция департаментінің ішкі және

сыртқы коммуникациялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521