Жылыой ауданында адам өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

Қару

Жылыой ауданында адам өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

Бұған дейін хабарланғандай, 6 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында Құлсары қаласының 1973 жылы туған тұрғыны Шоқпартоғай ауылынан "Боздақ" елді мекені бағытында өзінің жылқы үйірін іздеп, "LTM" мотоциклімен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалғалып, үйіне оралмаған.

Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция, Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жоғалған азаматтың жүрген жерлері бойынша барлық аумақта , жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9 қыркүйек күні аудан орталығынан 30-40 шақырым жерде іздестірілген азаматтың мотоциклі табылды. Полиция қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел іздестіру тобымен 14 қыркүйек күні жоғалған азаматтың денесі Құлсары қаласынан 100 шақырым "Қырықмылтық" деген жерде 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан табылып, алынды. Аталған факті бойынша бұрын сотталған Құлсары қаласының 38-жастағы тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында, 16-калибрлі атыс қаруы табылып,тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК – нің 99-бабы - "Адам өлтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Жедел жұмыс мұнымен тоқтаған жоқ, арнайы іздестіру шаралары барысында, тағы бір күдікті анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521