Жылыой ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді

Жылыой ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімдігінің, полиция, білім, төтенше жағдайлар бөлімдерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, халыққа қызмет көрсеті орталығының басшылары мен С. Өтебаев, Т.Байсырымов атындағы және «Мед-Профи» колледждерінің директорлары қатысты.

Жиын барысында жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың өсу себептері мен алдын алу мәселелері талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен аудан прокурорының өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, іс шаралар жоспары жасақталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521