Жылыой аудандық соты аудандар арасында ең жоғарғы нәтиже көрсетті

ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Жылыой аудандық сотында 2020 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті «Кең Жылой" газетінің тілшісі Е.Қошақановпен «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы аудандық соттың 2020 жылдың 6 айындағы жұмысы бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Есептік кезеңде 89 адамға қатысты 82 қылмыстық іс түсті, барлығы 77 адамға қатысты 72 қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 35 іс электрондық форматта қаралған. 58 адамға қатысты 56 іс үкім шығарумен аяқталса, медиация тәртібімен 7 қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. Барлығы сот өндірісіне 423 азаматтық іс түскен. Оның ішінде қаралғаны 338. 8 іс бітімгершілік келісім бекітумен аяқталып, 44 іс медиациялық келісіммен, билер кеңесінің көмегімен 11 іс аяқталған. Сонымен қатар, партисипативтік келісіммен 6 азаматтық іс аяқталды. Айта кетсек, бұл көрсеткіш адвокаттармен тығыз байланыста болудың нәтижесінде аудандық соттардың арасындағы ең жоғарғы нәтиже.

2020 жылдың 22 маусымында ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, судья медиатор ретінде судья А.Р.Балмуханова бекітілді. Есептік мерзімде судья медиатордың өндірісіне 12 талап қою арыздары түскен. «Отбасылық сот» пилоттық жобасы бойынша судья А.Р.Балмуханованың өндірісіне 99 азаматтық іс түсіп, оның ішінде 21 іс бойынша медиациялық келісім бекітілген, 3 іс бойынша партисипативтік келісім бекітілген, 5 іс бойынша бітімгершілік шарты бекітілген. 2020 жылдың 6 айында 595 әкімшілік іс түскен, оның ішінде 582 іс қаралған. 125 әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, оның ішінде 90-ы медиация тәртібімен тоқтатылған.

Шара соңында сот төрағасы тілшінің барлық сұрақтарына жауап беріп, Азаматтық процестік кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар, жаңадан әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің қабылдануы бойынша түсінік берді.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521