«Жолда қабылдау» акциясы

Акция аясында барлығы 58 тұрғын хабарласты.

Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, полиция капитаны Бүркіт Жайымовтың хабарлауынша, ақпанның 14-і мен 16-сы аралығында аудан аумағында «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Акция аудан мен қала тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон қызметі мен қару айналымы, мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөлікті тіркеу және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін төленетін айыппұлдарды төлеу тәртіптері, жүргізушілік және жеке куәлікпен құжаттандыру мәселелері бойынша көкейде жүрген көп сауалына жауап іздеген жандарға кеңес беруді мақсат тұтты. Акция таңертеңгі сағат 9.00 мен кешкі сағат 19.00 аралығында Құлсары қаласының Б.Бисенқұлов көшесіндегі полиция бөлімінің ғимараты мен Махамбет даңғылындағы «Нұр Отан» партиясында өтті.

-Онда полиция қызметкерлеріне барлығы 58 тұрғын хабарласып, 16 адам әртүрлі сауалмен келіп, ұсынысын берді. Тарқатып айтар болсақ, екі азамат көлік құралын тіркеу, 2-еуі жүргізушілік куәлігін алу, 3 тұрғын жол қозғалысын ұйымдастыру мәселесін қозғады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін төленетін айыппұл жайлы 12 адамның мәселесі тыңдалса, 3 тұрғын көші-қызметі мен 1-еуі ішкі істер органының басқа қызмет саласы бойынша, 6 азамат полиция қызметінен тыс сауалын жеткізіп, нақты жауап алды, - дейді аға инспектор Б.Жайымов.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521