Жемқорлықтан жирен!

Қазір өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында құқықтық оқыту семинары өтіп жатыр. Аталған семинарлар осыған дейін Махамбет, Индер, Қызылқоға, Мақат аудандарында ұйымдастырылып, өткен аптада Құлсары да болды.

Оны Жылыой ауданы әкімдігінің сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы өткізді. Семинар нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтармен  күрес  саласындағы  кәсіби құзыреттіліктері мен тәжірибелік дағдыларын дамытады. Оған аудандағы 19 мемлекеттік қызметкер қатысып, білімін шыңдады.

Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шектеулер», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибеге шолу. Салыстырмалы талдау жасау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ҮЕҰ мен жекелеген сарапшылардың тиімді қатысуы», «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы мемлекеттік қызметшінің этикасы мен парасаттылығы», «БАҚ пен әлеуметтік желілердегі мониторингілеу дағдылары», «Жұмыс нәтижелері туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етудің тиімді құралдары тақырыбында  дәріс  оқып , қатысушылармен пікір алмасты.

Сондай-ақ, төрт күнге созылған семинарда Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Атырау  облысы  бойынша  департаменті  басшысының бірінші орынбасары, семинар әдіскері Нұрлан Жахин сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды  жасауға  ықпалдасатын  себептер мен жағдайлар туралы әңгімеледі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбас ары Жаннат Нұртілеуова «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы комплаенстің құқықтық негізі. ISO 37001 стандартының құралдарын қолдану», «Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу» тақырыбында дәріс оқып, «Ресми жазылым» тақырыбында интерактивті жаттығу жасатты.

Перизат ТӘЖІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT