Жедел шара кезінде жол-көлік оқиғасы болмады

Құқықбұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындасәуір айының 19-ы мен мамырдың 19аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Оған аудандағы патрульдік полиция взводының 21 арнайы автокөлігі мен 30 қызметкері жұмылдырылды. Шара барысында жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген түрде жұмыстар атқарды.

Нәтижесінде іс-шараның 19 сәуірі мен 5 мамыры аралығында жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың барлығы 548 дерегі анықталып, тиісті хаттамалар жасақталды. Соның ішінде,  «Міндетті сақтандыру келісім шартын жасақтамағаны» үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 230-бабы 2 бөлігімен   56 жүргізуші, «Қоғамдық орында қызмет көрсету күштен тану мақсатында «такси» деп айқайлап қоғамның мазаларын алғаны» үшін 13 көлік иесі ӘҚБтК-нің  449-бабы 1 бөлігімен және «Жолаушыларды такси жүргізушілерімен заңсыз тасымалдағаны» үшін осы кодекстің 463-бабы 1 бөлігімен 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің  571-бабы 2-3 бөлігінде көзделген «Жолаушылар және жүк тасымалдау ережесін бұзған» 3 адам,  573 және 590-баптың талаптарын бұзған 45 адам, сондай-ақ арақ ішкен мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген 6 жүргізуші ұсталды. Осы құқық бұзушылармен бірге мопед айдаған 9 жас та тәртіпке шақырылды. Бұдан басқа мемлекеттік белгісі дұрыс емес, полиция бөлімінің рұқсатынсыз көлігін қайта жабдықтаған, Мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданған, маневр жасау қағидаларын бұзған, күндізгі мезгілде жарық беру шамдарын жақпаған, басқа да құқық бұзушылық деректері көптеп анықталды.

Жалпы, аудан аумағында «Қауіпсіз жол»жедел профилактикалық іс- шарасы кезінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. Ауданның барлық тас жолдарында жол оқиғаларыныңалдын-алу мақсатында жүргізушілерге автокөлікті жылдамдықты асырмай, жол жүру ережелерін қатаң сақтап жүргізу туралы ескертпе жасалып,  күшейтілген бағытта  жұмыстар  атқарылып келеді.

Әділет Сәлімов,

аудандық полиция бөлімінің

патрульдік полиция ротасының командирі,

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT