Жазалау оңай, қоғамға бейімдеу қиын

Жаза басқанның бәрін темір торға тоғытып, жазалай беру міндет емес. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегендей, қылмысқа бірінші рет барып тұрған адамға соңғы мүмкіндік берген абзал. Міне, сондықтан да сот ондай жандарға үкім кескенде айыпкерге шартты жаза тағайындайды. Аудандағы пробация бөлімінің қызметкерлері осындай «аяқтай» жүрген азаматтардың қайталап қылмыс жасамауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Жақында ауданға іс сапармен келген Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Азамат Ізтілеуов келді. Мақсат: жаза басқандарды аудан аумағында қоғамға бейімдеу жұмысының жай-күйімен жақынырақ танысу. Бұл орайда ол аудандағы пробация қызметінің жұмысын бұрынғыдан да жақсартып, жандандыру жайына баса мән берді.

Осы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақовамен кездескен Азамат Абдуғалиұлы сотталғандармен жұмысты күшейту, олардың қайтара құқық бұзушылыққа ұрынбауы үшін қос қолына бір кәсіп көзін табуына жәрдемдесу, өзге де алдын алу іс-шаралары хақында пікір алмасып, талқыға салды.

А.Ізтілеуов аудан прокуроры Асхат Қасымовпен және аудандық полиция бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Ринат Ықыласовпен де кездесті. Онда аудандық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған сотталғандардың қайтара қылмысқа бармауына жол бермеу мәселесі талқыланды.

А.Ізтілеуов қызметтік іс сапар барысында ауданның пробация қызметі бөлімінің қызметтік орнын аралап көрді. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, бірқатар маңызды міндеттемелер жүктеп, ұсыныстарын айтты.

Ж.Михайлова,

аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы,

әділет майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521