«Жаяу жүргінші. Мектепке қауіпсіз жол!»: жас жол қатысушыларына жол қозғалысы ережелері түсіндірілді

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы аясында полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жас жол қатысушыларына жарықшағылыстыратын заттарды дұрыс пайдалану тәсілдері көрнекі түрде көрсетілді.

“Жаяу жүргінші. Мектепке қауіпсіз жол!” тақырыбында өткен бұл шара оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші өткелдерін пайдалану және жолда абай болудың маңызын тағы бір еске салды. Полиция қызметкерлері әрбір баланың өмірі – баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, қауіпсіздік әркімнің өзінен басталатынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT