Жасөспірімді суицидке не итермелейді?

Жасөспірімді суицидке  не итермелейді?
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Әлемдегі ең өзекті де өткір проблеманың бірі – адамның өз-өзіне қол жұмсауы. Оның ішінде Қазақстандағы суицид статистикасы адам шошырлық. Бұл мәселе бойынша еліміз көш бастап тұр десек, артық айтқандық емес. Әсіресе кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің әртүрлі себеппен өз өміріне қиянат жасау оқиғасы жиі кездеседі.

Республикалық БАҚ таратқан мәліметтерге сүйенсек, елімізде осыдан он жыл бұрын, яғни 2012 жылдары балалар суицидінің саны 211-ді құраған. 2021 және 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында сәйкесінше 53 және 46 жағдай тіркелген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша суицид санының өсуі 18,3%-ды құраса, 2022 жылдың басында өз-өзіне қол жұмсау 13,2% - ға төмендеген.

Өкінішке орай, осы деректердің ішінде Жылыой өңірі де бар. Бір кездері ауданда облыс әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өткені есімізде. Облыс орталығында өтуі тиіс жиын бекерден бекер біздің ауданда ауыстырылған жоқ. Өйткені, сол мезгілде Құлсары қаласында жасөспірімдер арасында суицид жиілеп кетті. Атыраудан кейінгі екінші орынға шығып, Жылыой өңірінде бұл кесел өзекті өртер өткір мәселеге айналды. Көптеген қолға алынған іс-шаралардың нәтижесінде деректер едәуір төмендеді. Айталық, ауданда жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша былтыр бір ғана жағдай орын алса, биыл 1 дерек тіркелген екен. Олардың біреуі мектеп оқушысы болса, енді бірі аудандағы бір колледждің студенті. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Марина Айтжановадан анықтадық.

«ӨЛСЕМ ҒАНА БАРЛЫҚ ПРОБЛЕМА ШЕШІЛЕДІ»

Жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне жайдан-жай бармайды. Яғни, басына түскен қандай да бір проблемадан шығатын жол таппағанда, ешкім оған көмектесе алмайтынын білген кезде сондай қиянат жасауы мүмкін. Оның себептері өте көп. Оған әлеуметтік жағдай, достары арасындағы түсініспеушілік, ата-ана арасындағы кикілжің, тәрбиенің осалдығы әсер етіп жатады. «Кез келген бала «мен өлсем ғана барлық проблемадан құтыламын» деп ойлайды.

-Жасөспірім кезеңінде адам оң-солын ажыратып, жақсы-жаманды жіктей алады. Бала өскен сайын оларға қатысты мәселе де өзгереді, көбейеді. Олардың сана-сезімі, мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Сол кезде ата-ананың олармен қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуы өте маңызды. Бұл кезеңде ата-аналар баламен өзара іс-қимыл орнату қиынға соғады деп айтады. Себебі 13-14 жаста балалардың ересек өмірге бетбұрысы жүріп, өмірге көзқарасы алуан түрлі болады. Осы уақытта сырттан болатын барлық жағдайға адам психологиялық тұрғыда әлсіздік танытады. Ересектер тарапынан қысымға жиі ұшыраса, оның жеке тұлғалық қасиеттері жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан жасөспірім тәрбиелеп отырған барлық баланың ата-анасы осы мәселені ескеруі керек, - дейді осы сала мамандары.

Бұл проблеманың алдын алу үшін ата-аналарға балалармен тең, ашық түрде, ересек ретінде сөйлескен абзал. Жеткіншектерді салыстыру, оларға салмақ түсіру немесе оларға мүлдем көңіл бөлмеу – оларды стресске түсіруі мүмкін. Мамандар да айтады, жасөспірімдердің көңілі қалып, буллинге ұшырап, қиындыққа кездессе, олардың ойларында суицид жасау туралы ой болады. Ол асқынып, әрі қарай жалғаса берсе, өзіне өзі қол жұмсаудың амалын қарастыра бастайды..

"Мақаланың жалғасын "Кең Жылой" басылымынан оқи аласыз"

Ш.ЖАУҒАШТЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT