Жалтаруға жол жоқ!

Өз міндеттемесін уақытылы орындамаған салық төлеушілер әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енгізілуі мүмкін. Салық төлеу кезеңінен кешігіп, Салық кодексінде белгіленген табыс ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаса, онда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады.

Соның ішінде:

1) заңды тұлғалар үшін кор­по­ратив­тік табыс салығы бойынша декларация, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;

2) заңды тұлғалар да, жеке кә­сiп­керлер де ойын бизнесiне са­лық, тiркелген салық бойынша дек­ларацияны көрсетiлген салық ке­зе­ңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;

3) заңды тұлғалар да, жеке кәсіп­кер­лер де екі салық кезеңі үшін оңай­латылған декларацияны тапсырмаса.

Егер салық төлеуші осы тізімге еніп кетсе, онда мына талаптарды орындауы қажет:

1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;

2) Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әкімшілік құқық бұ­зу­шы­лық туралы ко­дек­сінің 272-бабына сәйкес әкім­­шілік материалды ре­сімдеу үшін орналасқан жері бо­йынша Мем­ле­кет­тік кірістер бас­қармасына келуі тиіс.

Сенімсіз салық төлеушілер тізі­мінен алып тастаудың жалпы мерзі­мі – 5 жұмыс күні. Тізімнен шығарылғанын бес күн­ өткен соң «Сенімсіз төлеу­ші­лер­ді іздеу» бөліміндегі сайттан тексеруге болады.

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімін­де­гі адамның мынадай кереғар салдары бар:

-ҚҚС бойынша есептен шығарылады;

-серіктестік қызметіндегі контра­гент­тердің күмәндануы;

- банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігі болмайды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталады. Бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті. 

Егер Сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз, онда сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруге кеңес береміз. Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп, тексере аласыз.www.kgd.gov.kz; https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable/list ; https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable  https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search/entrepreneur 

250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органына 15 шілдеден кешіктірмей - қағаз түрінде, электронды түрде – 15 қыркүйектен қалдырмай «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы тапсыру қажет.  2024 жылғы 250.00-нысанды тапсырғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз. 

Декларацияны уақытылы ұсынбаған азаматқа алғашында ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзушылыққа барса, онда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

М. Құдайбергенова,

өндірістік емес төлемдерді

әкімшіліктендіру бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT