Жайыққа түсіп жүрген жасөспірімдер ұсталды

Олар Атырау полицейлерінің қырағы көзіне ілікті

Атырау полицейлері жаздың ыстығы басталмай жатып, Жайық өзеніне суға түсіп жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтады.

Кеше түс кезінде Жайық өзенінің қаладағы "Каспий" ықшамауданы мен Тұрғындар қалашығы - "Авангард" жаяу көпірі тұсында серуендеп, суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірім тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында дер кезінде анықталды.

Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргендерінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бабымен хаттамалар рәсімделді.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521