Жақында аудандық соттың жаңа судьялары тағайындалды. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің биылғыжылдың 30 сәуіріндегі №866 Жарлығымен Алмас Аязов және Жақсылық Қонысбаев Жылыой аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.
Судьялар Алмас Құралбекұлы мен Жақсылық Жахангерұлын сот ұжымына төраға Мұратқали Ысқақов таныстырды. Ол тағайындалған судьяларды жаңа қызметімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тілеп, мемлекет игілігі үшін адал қызмет атқаруға шақырды. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды, ар-ожданды басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынына сенім білдірді.
Бұған дейін де наурыз айында аудандық сотқаАрдақ Төлебаева судья болып тағайындалған еді. Судьялар қатарының толығуы аудандық сот жұмысына жаңа серпін берері анық.
Е.ҚОШАҚАНОВ