ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫ ТИГЕНІ – ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

2021 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫ ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫЛДЫ. ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУДА ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БАСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ. «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СӨЗДЕРІМЕН БАСТАҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛДАҒЫ ДАМУ ЖОСПАРЫН НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АТАП БЕРДІ.


Соның ішінде әлемдік пандемиядан кейінгі кезеңде ел азаматтары үшін ең өзекті деген денсаулық сақтау, сапалы білім, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығына тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйымдастыруға бағытталған бастамалары ерекше аталды.
Жаhандық пандемия жер шарындағы мемлекеттердің экономикасына кері әсер еткені баршамызға мәлім. Соның салдары экономиканың негізгі көзі саналатын – өнеркәсіп, зауыт, ауыл шаруашылығы, бизнес, жеке кәсіпкерлерге, ең бастысы- қарапайым еңбек адамына қиынға соқты. Осыны ескерген Президент халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бастамалар ішіндегі тағы бір өзекті тұсы – отандастарымыздың тұрғын үймен қамтылуы да назардан тыс қалмады. «Нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады», - деген мемлекет басшысының сөзі баспанаға қол жетпей жүрген мыңдаған қазақстандықтардың кеудесіне үміт отын жақты.
Президент өз Жолдауында елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын айқындап берді. Президент дамудың маңызды аспектілеріне тоқталды: мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу, азық-түлік бағасына бірыңғай бақылау орнату, цифрландыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, вакцинациялау компаниясы, фармацевтика өнеркәсібіне инвесторларды тарту, мұғалімдерді қолдау, білім беру бағдарламаларын жаңашылдыққа бейімдеу, экологиялық мәселелер, газдандыру, табиғи ресурстарды үнемдеу. Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік аппарат біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуі керек екенін айтты. Тек осы жағдайда ғана біз алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.
Осы Жолдауда менің жүрегіме жақын болған тараулардың ең маңыздысы - тіл туралы бөлімі болды. Ия, тіл - үлкен саясаттың құралы. Әр қазақ үшін қасиетті тіліміздің жоғалып кетпеуі үшін жасалып жатқан жұмыстар орасан екенін білеміз. Президент Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келетінін, мұндай дәрежеге жету үшін жұмыла жұмыс жүргізу керек екенін атап айтты. «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуі керек» дегені керемет айтылған сөз емес пе! Өз тарапымнан қазақ тілі толықтай іс-қағаздардың жүргізілуіне қолданылса қуанар едім, ол күн де алыс емес екеніне сенемін.
«Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиістіміз. Әйтпесе, ертең кеш қалуымыз мүмкін», - деген сөзі арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел игілігі жолында еңбек етіп жатқан түрлі мемлекеттік қызметшілерден бөлек, депутаттарға да артылып отырған жүктің жеңіл емес екендігін ескертті. Демек, біз өз жұмысымызды ширатып, еңбегімізді еселей түсуіміз керек деп есептеймін.

А.СӘРСЕНБАЕВА,
Қаратон кенті әкімдігінің бас маман-заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521