Жұбайынан кешірім сұрады

Бір жақсысы, олардың көпшілігі медиаторлардың алдынан өткеннен кейін қайта татуласып, райынан қайтып жататын көріп, қуанасың. Өкінішке орай, көптеген шаңырақтың шырқын бұзатын басты кеселдің бірі – арақ. Соның кесірінен нәзік жандыны алақанына салып аялайды деп күткен ері, керісінше, әйелінің абыройына нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтып, қаралап жатады.

Төмендегі оқиға – дәл соның айғағы. Таяуда аудандық сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігімен жауапкершілікке тартылған К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы биылғы жылдың тамызында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, пәтер ішінде жанжал шығарған. Ұрыс-керіс үстінде жұбайына былапыт, балағат сөздерді қарша боратып, ар-намысына тиеді. Мұны күтпеген әйелі өз құқығын заң шеңберінде қорғауға көшеді. Сотқа дейін мәселеге медиатор араласты. К. өз кінәсін толықтай мойындап, жұбайынан кешірім сұрады.

Сот үстінде арызданушы әйел өз жолдасымен өзара татуласқанын көрсетіп, істі медиация тәртібімен тоқтатуды сұрады. Сөйтіп, судьяға жазбаша арыз бен келісімді ұсынды. Сондықтан сот қаулысымен К-ге қатысты әкімшілік іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 64-бабына сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Г.Есенова,

аудандық сот кеңсесінің бас маманы

COVID 19

covid

Күнтізбе