Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты.
Заң талаптары орындалған жерде әділдік орнап, азаматтардың құқығы қорғалады. Алайда осы жүйенің мызғымас болуына ең үлкен кедергі – жемқорлық.
Жемқорлық – тек жеке адамның емес, бүкіл мемлекеттің дамуына тежемелік жасайтын қауіпті құбылыс. Ол қоғамның сенімін әлсіретіп, мемлекеттік органдардың беделін түсіреді, халықтың әділдікке деген үмітін күйретеді. Сондықтан бұл мәселе тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі болып отыр.
Заң үстемдігін нығайту үшін әр азамат өз деңгейінде адалдық қағидаларын ұстанып, пара алу мен беруге жол бермеуі тиіс. Себебі жемқорлыққа қарсы күрес — бір күндік жұмыс емес, ұрпаққа қалатын жауапты міндет.
Қала тұрғыны
Бірлік Нұрмашов


