WhatsApp-тағы интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтар жиі WhatsApp арқылы «оңай табыс» уәде етіп хабарласады. Олар SIM-картаны тіркеуді, «байланыстырылған құрылғылар» функциясы арқылы аккаунтқа кіруді немесе жеке деректерді сұрауы мүмкін. Мұның бәрі қылмыстық мақсатта пайдаланылады!

⚠️ Есіңізде болсын:

SIM-карталарды, растау кодтарын және WhatsApp-қа кіруді бөтен адамдарға бермеңіз.

Мессенджерлер арқылы «жылдам табысқа» сенбеңіз — бұл алаяқтардың айласы.

Балаларыңызға және жақындарыңызға түсіндіріңіз: мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.


❗ Мұндай айлаларға көбіне жасөспірімдер түсіп қалады. Сондықтан ата-аналар балалардың интернеттегі әрекеттерін бақылап, оларға мұндай ұсыныстардың қауіпті екенін түсіндіруі қажет.

👮‍♂️ Полиция ескертеді: сақ болыңыздар және алаяқтардың қулығына ермеңіздер!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT