«Учаске» іс-шарасы

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларды күшейту, қолайсыз отбасыларды анықтау, заңсыз көші-қонның, көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау мақсатында 16 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ауданда «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

- Бұл шара бөлім бастығының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі №153 санды бұйрығымен бекітілді. Осыған орай жедел штаб жасақталып және өткізу жоспары дайындалып, әрбір полиция бөлінісінің нақты міндеттері белгіленді. Жедел профилактикалық іс-шараға жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің 39 жеке құрамы, оның ішінде, 30 жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының 5 инспекторы, 4 көші-қон қызметі бөлімшесі қызметкері, 3 криминалдық полиция қызметкері, басқа да қызметкерлер жұмылдырылды,-дейді аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұржан Жетенов.

Іс-шара кезінде шетел азаматтары тарапынан ҚР ҚК-нің 430, 339-баптарында көзделген қылмыстық іс тіркелмеген. Аудан аумағында 394 шаруа қожалығы болса, оның 252-сіне паспорттар жасақталып, облыстық полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар, қазіргі таңда 324 шаруашылыққа тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған қожалықтарда 124 адамның тұратындығы анықталған. Бірақ олардың тарапынан құқық бұзушылық орын алмады.

- «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен кәмелеттік жасқа толмаған 190 жасөспірім полиция бөліміне жеткізіліп, оларға түнгі мезгілде жүргені үшін әкімшілік хаттама жасақталды. Шара кезінде 5 кәмелетке толмаған жас Атырау қаласында орналасқан бейімдеу орталығына тапсырылды. Жалпы аудандық полиция бөлімінде арнайы есепте тұрған 248 адам бар,-деді полиция инспекторы.

Оның айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзған барлығы 39 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 517-бабымен-16, 518-бабымен-12, 492-бабымен 11 әкімшілік хаттама жасақталыпты. Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта тұратын 676 адамның аңшылық қаруларының сақталуына тексеру жүргізіп, оларға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 486-бабымен 5 хаттама толтырылған. Бөлімге барлығы 360 адам жеткізіліп, жедел-криминалистикалық есепке алыныпты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT