“Учаске” іс-шарасы: Атырауға өзге облыстан келген күдіктінің 105 жерге жасырған есірткі түйіншегі тәркіленді Атырау облы

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» және “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 28 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдіктінің мекен-жайын тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты салынған бірнеше зип пакеттер және күдіктінің көрсетуімен қала аумағында 105 түйіншек және 3 дана үлкен зип пакеттер тәркіленді. Алынған заттар 148,75 грамм «Альфа-PVP» және 80 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT