Тыныштық күзетінде

Нұржан Есбосынұлының жұмыс күні таңсәріден басталады. Алдымен, өзіне тиесілі аумақтағы жағдайды бақылап, тұрғындардан түскен арыз-шағымдарды қабылдайды. Отбасылық кикілжіңдерді реттеп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Күн ұзағына бірнеше мекемеге барып, қылмыстың алдын алу бағытында рейдтер мен кездесулер өткізеді. Кейде түнгі кезекшілікке қалып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Себебі полиция қызметі – уақытпен санаспайтын, тәулік бойы атқарылатын жауапты жұмыс.

Осылайша, учаскелік полиция инспекторының бір күні – тынымсыз еңбекпен өте шығады. Өйткені оның өмірі төзімділік пен жанашырлыққа батылдыққа толы.

Иә, полиция қызметі – үлкен жауапкершілікті, табандылық пен адалдықты талап ететін, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды сала. Осы бір ауыр да абыройлы міндетті күн сайын адал атқарып жүрген жігіттің бірі – Нұржан Жетенов.

Нұржан Есбосынұлы қазіргі таңда аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етеді. Ол бұл салаға 2009 жылы келген. Содан бері үздіксіз еңбек етіп, бүгінде ішкі істер органындағы қызметіне 16 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол өз ісіне деген жауапкершілігімен, кәсіби біліктілігімен, әділетті шешімдерімен және елге деген жанашырлығымен көпшілікке үлгі бола білді.

Нұржан Есбосынұлы үшін қызметтік міндеттермен қатар, халықпен тығыз байланыста болу – ең маңызды басымдықтың бірі. Ауыл тұрғындары оған сенім артады. Себебі ол әрқашан ашық сөйлесіп, мәселеге заң аясында әділ баға беруге тырысады.

Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген тәртіп сақшысының еңбегі әрқашан ерекше маңызға ие.

Жәмиля ІЗБАСАР,

облыстық полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT