Туған қайынағасы екенін дәлелдеп шықты

Сотта талапкердің балалары мен туыстары куә ретінде тартылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1063-бабының талаптарына сәйкес, егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, онда заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезектегі адам, яғни мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған аға-апалары немесе нағашы аға-апалары тең үлеспен ала алады.

Заң талабында көрсетілген дәл осы бап таяуда Құлсары қаласында тұратын зейнеткер әйелге аудандық сот табалдырығын аттатуға мәжбүр етті. Өйткені күйеуінің көзі тірісінде екеуінің ортақ үйінде жалғызбасты қайынағасы бірге тұрған еді. Осыдан бес жыл бұрын ол кісі дүние салады.

Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан қарияны іні-келіні ақтық сапарға арулап шығарып салады да, барлық қаделерін атқарады. Арада үш жыл өткеннен кейін ағасының артынан бауырының өзі де о дүниелік болып кете барады. Біраз уақыт өткен соң марқұм күйеуінің атына мұралық іс ашып, пәтерін өзінің атағына аударып алуды көздеген жұбайы нотариустың табалдырығынан аттайды. Бірақ зейнеткер жанның шаруасы оңайлықпен біте қоймайды.

Жоғарыдағы 1063-бап бойынша заң бойынша жұбайы мен ұл-қыздарына тиесілі пәтерінде оның бірге тұрған, осыдан 4-5 жыл бұрын ертерек көз жұмса да, қайынағасының да үлесі бар екен. Сондықтан марқұм отағасының жұбайы үшінші туыстық дәрежедегі қайынағасының өз күйеуімен арадағы туыстық қатынасын анықтап беруді сұрап, сотқа арыз жазуына тура келеді. Сотта талапкердің балалары мен туыстары куә ретінде тартылады.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің анықтамасы да негізге алынады. Нәтижесінде сотта екі азаматтың ағалы-інілі екендігі қуатталып, ешқандай қарама-қайшылық анықталмады. Аудандық соттың шешімімен арыз берушінің туыстық қатынасты анықтау жөніндегі арызы қанағаттандырылды. Үшінші туыстық дәрежесіндегі күйеуінің ағасы, яғни оның қайын ағасы екендігі жөніндегі туыстық қатынастық фактісі анықталды. Сот шешімі зейнеткер әйелге мұра қабылдауға негіз болды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521