Telegram бот – есірткіге қарсы

Атырау аймағында синтетикалық есірткі таралуының алдын алу мақсатында  «StopSyntheticAtyrauBot» атты telegram бот іске қосылды. Онда ең бастысы – хабарлама жолдаған тұрғынның жеке дерегі құпия түрде сақталады.

Тelegram бот-қа атыраулықтар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекен-жайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады. Жолданған хабарлама  құқық қорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады. Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты  қылмыстар мен оны тасымалдаушы азаматтар, құрамында есірткі бар заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады. Telegram бот анонимді. Сондықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сол себепті ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт – құқық бұзушылықтың фото немесе бейнежазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі.  Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot Бұл жоба облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз