Автокөліктердің қауіпсіздігі бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр, оның себебі соңғы кезде елімізде жол-көлік оқиғалары жəне көліктегі апаты жағдайлары жиілеп кетті. Мемлекетіміздің қазіргі экономикалық даму кезеңіндегі Кедендік одаққа бірігуі, халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануы жағдайында көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері ерекше маңызға ие. Қазіргі кезде көлікті жоғары қауіптілік көздерінің қатарына жатқызады. Сондықтан көлік саласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығын сақтау ерекше басымдылыққа ие болуы тиіс.
Осыған байланысты ауданымызда төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен рейд ұйымдастырылды. Сала қызметкерлері тұрғындарға жол-көлік оқиғалары мен көліктегі өртті болдырмау, көліктерде міндетті түрде өрт сөндіру құралының болуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандары қала көшелерінде жүрген көліктерді тексерді.
Мамандар жүргізушілерге машинаның электр сымдарының жағдайларын жиі тексеріп тұру керектігін ескертті. Рейд кезіндегі тексеру нәтижесінде мамандар көптеген автокөлік иелерінің өрт сөндіру құралының пайдалану мерзімінің өтіп кеткендігі және мүлде жарамсыз екендігін анықтады.
-Аудан аумағында 2022 жылы көліктегі өрт оқиғаларының 17 дерегі тіркелді. Бұл 2021 жылға қарағанда 5 дерекке өсіп отыр. Оның негізгі себебі -электр желілерінің қысқа тұйықталуы. Көліктегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында біздің бөлім іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде,-дейді Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қобылан Кенжебеков
Соңғы кездері көліктердің өртенуі жиілеп кеткен. Оған көптеген көліктердің газбен жүруі және электр желілерінің дұрыс болмауы себеп болып отыр екен. Мамандар алдағы мұндай рейдтердің жиі өткілетінін айтады.
А.Таубаева