Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған тұлға бас бостандығынан айырылды

Жылыой аудандық сотының 13.01.2026 жылғы үкімімен Құлсары қаласының тұрғыны «М.Д.» алкогольден масаң күйде дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 273-бабымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге сотталып, мемлекетке келтірілген 86 мың теңге шығын өндірілді.

Сот үкімі бойынша сотталушы ұялы телефонымен «112» жедел байланысына қоңырау шалып, Құлсары қаласындағы «№9 жалпы орта білім беру мектебіне» бомба қойылғаны жөнінде ақпарат берген.

Түскен ақпарат бойынша оқиға орнына Полиция басқармасының және Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барып, тексерген кезде хабарламаның жалған екендігі, яғни аталған жалпы орта білім беру мектебіне бомба мүлдем қойылмағаны анықталған, нәтижесінде мемлекетке 86 мың теңге мүліктік залал келтірілген.

Сотталушы мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым беруіне байланысты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

​​​​​​Жылыой ауданыныңпрокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT