Тасжолдағы темірдей тәртіп

Ауданда «Қауіпсіз жол» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Оған аудандық патрульдік полиция взводынан 12 арнайы автокөлік пен 24 қызметкер, учаскелік инспектордан 2 қызметкер жұмылдырылған. Шара кезінде жеке құраммен жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтау және оған тосқауыл қою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, қараша айының 8-і мен 10-ы аралығында барлығы 181 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар жасақталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша такси жүргізушілерінің жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 2 жағдайы, 449-баптың 1-бөлігінде көзделген қоғамның мазасын алған 7 дерек, 559-баптың 1 бөлігімен теміржол өткелінде мал айдау ережелерін бұзған 1, 571-баптың 2-1 бөлігінде қаралған жолаушылар және жүк тасымалдау ережесін бұзған 3 жайт, 230-баптың 2-бөлігі бойынша міндетті сақтандыру келісім шартын жасақтамаған 22 жағдай, 590-баптың 2-бөлігіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған 5 оқиға, осы баптың 7-бөлігіндегі көлік құралдарын тиісті ішкі істер органының рұқсатынсыз қайта жабдықтау бойынша 4 дерек, автокөлік басқару кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері қолдан жасалған 1, мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқарған 24 оқиға тіркелген.

ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон пайдаланған 3 құқық бұзушылық пен белгіленген жылдамдықты асырған 62, қауіпсіздік белдігін тақпаған 9 жүргізуші анықталды. Ал маневр жасау қағидаларын бұзған 5, жаяу жүргіншіге жол бермеген 4 дерек, күндізгі және қараңғы мезгілде жарық беру шамын жақпаған 11 жүргізуші тоқтатылды. Сондай-ақ жолда жүру ережесін сақтамай, көше қозғалысы кезінде апаттық ахуал туғызған 1 адам, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 11 азамат, жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісі таңбасынан өту қағидасын бұзған 6 көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

- Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес 18 көліктің мемлекеттік тіркеу белгісінің нөмерлері алынып, 27 темір тұлпар арнайы айып тұрағына қойылды. «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өту барысында жол-көлік оқиғасы орын алған жоқ,-дейді Н.Жетенов.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT