Тараптар өзара бітімгершілікке келді

АЗАМАТТЫҚ ДАУ БИЛЕР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕТТЕЛДІ

Атырау облысының Жылыой аудандық сотымен бала үш жасқа толғанша жұбайын күтіп-бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз арызында жауапкермен қазіргі уақытта бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы бар екенін, материалдық көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, жауапкерден баласы үш жасқа толғанша өзін күтіп-бағуға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп беруді сұрады.

Аталған азаматтық іс бойынша тараптар аудандық Билер кеңесінің көмегіне жүгінді.

Билер кеңесінің көмегінің нәтижесінде сотта тараптар өзара бітімгершілікке келіп, тараптардың арасында татуласу келісімі жасақталды.

Келісім бойынша жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын талап қоюшы пайдасына 15 000 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз талаптарынан бас тарттты.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық соты баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521