Тараптар партисипативтік келісімге келді

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер К.-ға сыйға тарту шартын бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің қаралуы барысында тараптардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізгендері жөнінде өтініш беріп, соттан келісімді бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521