banner_damu

«Тұрмыс» жедел шарасы әйелдерге араша түсті

-Мақсат: отбасы-тұрмыстық қатынастары аясындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдарды анықтап, профилактикалық жұмыстар жүргізу. Шара өткізілген үш күннің ішінде полиция бөлімінің 102 арнасына шаңырақтың шырқын бұзған бірнеше хабарлама түсіп, 7 жәбірленушінің арызы қабылданды. Соған сәйкес учаскелік полиция инспекторлары еліміздің «Зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңының 20-бабының негізінде 10 адамның үстінен қорғау нұсқамасын шығарды,-дейді Н.Қабдешов.

Мәселен, хабарламаның бірі Құлсары қаласындағы орталық бір ықшамауданнан келіп түскен. Әйел адамның шақыртуына байланысты үйіне барған полиция қызметкерлері оған күйеуінің қол жұмсап, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың орын алғандығын анықтады. Сондықтан нәзік жанға араша түскен тәртіп сақшылары оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдасының үстінен қорғау нұсқамасын шығарды. Егер ол тәртіпке бағынбай, нұсқаманы бұзса, онда мәселесі сот арқылы шешілмек.

Сонымен бірге учаскелік полиция инспекторлары сот қаулысымен үш адамның бос уақытына шектеу мен мінез-құлқына ерекше бақылау орнатып, есепке алды. Бұрын профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мекен-жайын тексергенде екі адамның тағы да тәртіп бұзып, әйеліне қол жұмсағаны анықталды. Сондықтан олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабымен хаттама толтырылып, ісі аудандық сотқа жолданды.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика